Әртүрлі

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Тілдер мерекесі
Автор: Бектұрсынова Қ.Б.

Зертханалық жұмыс

Өлшеуге қажетті құрал-жабдықтар, өлшеу құралдары.                         

                                                                                                                      1        

   Жұмыста жарық толқынының ұзындығын анықтау үшін периоды 100  мм

                  1

немесе   50    мм дифракциялық тор пайдаланылады (периоды тордың өзінде көрсетілген). Ол 194-суретте көрсетілген өлшеу қондырғысының негізгі бөлігі. Тор 1 сызғыштың 3 шетіне таман орнатылған бекіткіш 2 ішіне қондырылған. Сызғыштың саңылауы 5 бар қара экран орналасқан. Экранды сызғыш бойы мен қозғалтуға болады, бұл дифракциялық тор мен экранның ара қашықтығын өзгертіп отыруға мүмкіндік жасайды. Экран мен сызғышта миллиметрлік шкалалар бар. Бұл қондырғы штативке 6 бекітіледі.

   Егер тор мен саңылау арқылы жарық қөзіне (қыздыру қамы немесе май шам) қараса, экранның қара реңкінде саңылаудың екі жағынан бірдей 1-ші, 2-ші және с. с. Реттік дифракциялық спектрлерді байқауға болады.

   Толқын ұзындығы  λ мына формуламен анықталады:


                        d sin α

              Λ=        

                           k

                  

   Мұндағы d–тордың периоды, k-спектр реті, -түске сәйкес максимум жарық байқалатын бұрыш. 1-ші, 2-ші реттік максимумдар байқалатын бұрыштар 5º-тан артпайтындықтан, бұрыштар синустарының орнына олардың тангенстерін пайдалануға болады.

                                               b

     195-суреттен  tg α =         a        екені көрініп тұр.

                                                           

   а қашықтықты сызғыш бойымен тордан экранға дейін, в қашықтықты экран шкаласы бойынан таңдап алынған спектр сызығына дейін санап алады.

   Толқын ұзындығын анықтауға арналған ақырғы формула мынадай түрге келеді:

                          db

                  λ=           

                          ka

   Бұл жұмыста толқын ұзындығын өлшеу қателігі, берілген түс спектрінің ортаңғы бөлігін таңдап алудың қайсыбір анықталмағандығы себепті есепке алынбайды.

Жұмысты жүргізуге дайындық

   1. Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін жазуға арналған кестемен қоса есеп беру бланкісін дайындау.

   2. Өлшеу қондырғысын құрастырыңдар, экранды тордан 50 см қашықтыққа орнатыңдар.

   3. Дифракциялық тор мен экрандағы саңылау арқылы жарық көзіне қарап отырып, бекіткіштегі торды қозғап, дифракциялық спектрлер экран шкаласына параллель орналасатындай етіп орнату керек.

Эксперимент жүргізу. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.

   1. Экрандағы саңылаудың оң және сол жағында жатқан 1-реттік спектрдің қызыл жарығының толқын ұзындығын есептейді.

   2. Күлгін жарық үшін де дәл осылай істеу керек.

   3. Түсті жапсырмадағы (V, 1) қызыл және күлгін түстің толқын ұзындықтарының шыққан нәтижелерін салыстырады.

Бақылау сұрағы

   Дифракциялық спектрдің дисперсиялық спектрден айырмашылығы неде?

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 346
Дата создания: 24.10.2013
Дата редактирования: 24.10.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource