Баяндамалар

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

"Шіркін-ай" лагеріне демалушылар жеткізілді.
Автор: Изембаева Б.К.

Баяндама. Ғылыми жұмыс.

Ғылыми жұмыстың қандай көмегі бар.

 

   Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқушының өзіндік ізденуі, ғылыми жұмыс пен айналасуы қажетке айналып отыр. Сондықтан оқушылардың белсенділігін дамытып, дұрыс бағыт таңдап, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туындайды.

  Оқушыны тұлға ретінде қарап оның таным өрісін кеңеюіне, айналасындағы еңбегін бағалауға белгілі бір нәтижеге жетуге талпынуы ерік күшін талап етеді. Қазақстандағы білімді жаңарту стратегиясына сай концепцияларға қазіргі уақытта білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде біліммен тұлғалық іскерлікке сатылай көшу кезеңі жүріп жатыр.X XІ ғасыр-білімділер ғасыры дей отыра біздің мектепте де білім беруде дамытуға белсене қатысуда. Соның бірі оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне баулу. Зерттеу дегеніміз- жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметтерінің бір түрі болып есептеледі- деп түсінуге болады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өздік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады. Біріншісі « ішсем,жесем, ұйықтасам » деген, екіншісі: «көрсем,білсем »,- деген ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді » деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»- деген тұжырымды растайды.

 Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс обьектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

 Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру керек. Осында зерттеу тақырыбы шығады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша жүргізілетін талдаулар мындай өлшемдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді /слайд 1/:

1.   Ғылыми және пәндік білімдердің болуы

2.   Танымдық тапсыраларды орындауда оны жоспарлау білігінің болуы.

3.   Тапсырмаларды орындауда оны алдын ала болжау, нәтижесін елестеу және маңыздылығына сын баға беру.

4.   Зерттелетін жұмысқа мақсаты мен міндетіне сәйкес жоспар құру.

  Ал мұғалімнің ролі  танымдық іс әрекетіне бағыт бағыт бағдар беруде мыналарды ескеру керек.

1.   Тапсырмалардың мазмұнын түрін ойлап табу және оларды іріктеуде оқушылардың мүмкіндігін ескеп .

2.   Көркемдік шешім табу /образ жасау /модель құру т/б.

Шығармашылық жұмыс істеуін ұйымдастыру тапсырмалардың жоспарлануын және оны жетілдіруге көмек көрсету.

Жоспарлаудың құрамына мыналар кіреді /слайд 2/:

-іс әрекет мақсаттарын құру және анықтау.

-жұмыс логикасы мен ретін анықтау.

-игерген білімі мен жаңа материалдарды байланыстыра білу.

-тапсырмаларды орындауда оның мезгілін алдын-

ала анықтау.

-түрлі варианттар табу.

-жұмыс кестесін құру.

қажетті жағдайларда эксперимент, экскурсия бақылау т/б жұмыс түрлерін жүргізе білу. Мұғалі нақты оқыту ақпаратын беруші, оны оқушылардың меңгеруін ұйымдастырушы және сол меңгеру нәтижесін бағыттаушы позициясын ұстаушы адам ретінде ғана болмайды қайта оқушыға көмектесіп, өзінің білімін беру қызметінің  субъектісі болу керек. Ол үшін мұғалім кеңесші, оның өтуіне жаны ауратын сарапшы болуы керек. Осындай жұмысқа оқушының көптеген қасиеттері талап етіледі: білімпаздық,зеректік, талап қойғыштық, іздемпаздық, еңбекқорлық, шабыт, шешімпаздық, мақсаткерлік, белсенділік, қоғамға бағдарланушылық, өмірге белсенді ұстаным.

 Осындай жұмысты бастамас бұрын негізгі мақсаты «Жеке тұлғаның қызығушылығын, белсенділігін дамытып, шығармашылық және зерттеу жұмыстарға жұмылдыру».

 Бастауыш сынып оқушылары білімді табиғаттың өзінен алуы қажет екендігін көптеген көрнекті педагогтар мен әдіскер, профессор В.Е. Райнов былай деп жазды: «Кітап арқылы емес, саяхаттар, практикалық сабақтар, тірі табиғат мүйісіндегі жұмыстар, тағы басқа жолдармен бірден қатынас жасау арқылы табиғат пен танысу және онымен жақындасу  арқылы оқушылар одан бұрын байқамаған көп ғажайып сырларды ашады. Бұл бағыттағы жұмыстар табиғаттың әдемілігін құпиясын байқауға үйретеді. Осы жолмен табиғатқа сүйіспеншілік пен қызығушылық пайда болады».

Ғылыми жұмыспен айналасуға сыныптан Мырзабеков Ғаниетті жұмыс жоспарымен таныстырып, жұмысының дамуына үлес қосуға жоспар құруды жөн көрдім

/слайд 3/.

 Жоғарыда атап өткендей  ХХІ ғасыр білім ғасыры деп, бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге,сапалы шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болу керек.Сол себептен оқушымен жұмысты жалғастырамын.

1.   Оқушы тақырып таңдады.

2.   Жоспар құрды.

3.   Кіріспе бөлімінің жұмысын бастады.

 

  Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Бастауыш сыныптарда Экология тәрбиесі:

    Есеналина Нұрбану Төкенқызы

            жылдық білім М. Қ. Ермағанбетова  2005-38 бет

3.12 жылдық білім Ә. К Нысанқызы 2008- 65 бет

4.Мұғалім журналы Зозуля 26 бет

5. Бастауыш мектеп  2008-4, 25 бет

6. Бастауыш мектеп 2008-7, 28 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 596
Дата создания: 11.10.2012
Дата редактирования: 11.10.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource